Ежелгі тас дәуірі — адамзат тарихындағы ең ұзақ кезеңдердің бірі. Бұл дәуір адамзаттың алғашқы еңбек құралдарын жасап, табиғатпен күрес жүргізе бастаған уақытымен ерекшеленеді. Ол шамамен 2,5 миллион жыл бұрын басталып, б.з.д. 12 мыңжылдыққа дейін жалғасқан. Бұл дәуір палеолит (ежелгі тас), мезолит (орта тас) және неолит (жаңа тас) кезеңдеріне бөлінеді.
Ежелгі тас дәуірі (палеолит) туралы негізгі мәліметтер:
Уақыты: Б.з.д. 2,5 млн – б.з.д. 12 мың жыл аралығы.
Адамның даму кезеңдері: Ерте палеолитте — Homo habilis (шебер адам), Homo erectus (тік жүретін адам) өмір сүрді.
Еңбек құралдары: Тастан жасалған қарапайым құралдар (шапқылар, кескіштер, тас найзалар).
Шаруашылық: Жинаушылық пен аңшылық — негізгі күнкөріс көзі болды.
Тұрмыс және өмір салты: Үңгірлерде, шатыр тәрізді лашықтарда өмір сүрген.
Өнер мен сенім: Жартастарға салынған суреттер (петроглифтер) — алғашқы өнер туындылары.
Қазақстан жеріндегі тұрақтар: Бөріқазған, Шабақты (Оңтүстік Қазақстан) – ежелгі тұрақтар.
Толығырақ видеода:
Орта тас дәуірі
Орта тас дәуірі — мезолит деп аталады және ол палеолит (ежелгі тас дәуірі) пен неолит (жаңа тас дәуірі) арасындағы өтпелі кезең.
Орта тас дәуірі (мезолит) туралы мәлімет:
Уақыты: Б.з.д. 12 мың – 5 мың жылдар аралығы.
Ерекшеліктері: Климат жылынып, мұздықтар ери бастады.
Еңбек құралдары: Микролиттер – өте ұсақ тас құралдар.
Шаруашылық: Аңшылық, балық аулау және терімшілік негізгі кәсіп болды.
Тұрақтар: Қазақстанда мезолит дәуірінің 20-ға жуық тұрағы табылған.
Өнер мен сенім: Жартастарға салынған суреттер (петроглифтер) — алғашқы өнер туындылары.
Толығырақ видеода:
Жаңа тас дәуірі
Неолит дәуірі — адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл дәуірде адамдар табиғатты игеріп, егіншілік пен мал шаруашылығына өтті. Тас өңдеу шеберлігі жоғары деңгейге жетті.
Жаңа тас дәуірі (неолит) туралы мәліметтер:
Уақыты: Б.з.д. 5 мың – 3 мың жылдар шамасы.
Өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы: Адамдар алғаш рет егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады.
Еңбек құралдары: Тастан тегістеліп, бұрғыланып, қырланып жасалған құралдар.
Тұрмысы мен қоныстары: Адамдар тұрақты қоныстарда, көбіне өзен-көл маңында өмір сүрді.
Қоғамдық қатынастар: Қауымдық құрылыс нығайып, бірлесе еңбек ету, мүлік ортақтығы сақталды.
Қазақстандағы неолит тұрақтары: Сексеуіл, Қараүңгір, Пеньки, Усть-Нарым, Жезқазған, Зайсан, Арал бойы.